Previous Page  286 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 286 / 288 Next Page
Page Background

Қордың негізгі мақсаты ислам мәдениеті, ғылымы мен

білімінің дұрыс бағытта дамуына көмектесу болып табы-

лады.

Осыған орай, Қордың негізгі қызметтері ретінде

діни жүйені қалыптастыру мен дамыту, ең алдымен

Қазақстанның мұсылмандық ұйымдары үшін Ислам дінінің

негіздерін үйрететін әдебиеттерді көптеп шығару мен тара-

ту, медреселердің жанынан ислам кітапханаларын ашу және

кітап қорын жасау міндеттері тұр.

Қор, сонымен қатар, Қазақстанның Ислам дінін

ұстанатын елдермен, оның ішінде Ислам Конференциясы

Ұйымына мүше елдермен жақындасуына ықпалдастық жа-

сайды.

Сондай-ақ, Қор барынша беделді халықаралық ис-

лам ұйымдарымен бірлесіп Ислам әлеміне танымал

ғалымдардың еңбектерін насихаттау, оларды жариялау және

мұсылман әлемінің жастары арасында Құранды мәнерлеп

оқу мен т.б. жарыстар ұйымдастырады.

Исламды насихаттауға арналған халықаралық іс-

шараларды жүзеге асырады және мұсылман қоғамдық

ұйымдарының қызметтерін қаржыландыруға көмек

көрсетеді.

Қазақстандағы исламдық білім мен ғылымды дамыту,

еліміздегі және шетелдердегі исламдық оқу орындарының

студенттеріне шәкіртақы бөлу және беру, исламдық

жоғары оқу орындарының, медреселердің басшылары мен

оқытушыларына, мұсылман ғалымдары мен ислам дінін

насихаттаушыларға қолдау көрсету қордың басым бағыты

болып табылады.

Ислам мәдениеті мен

білімін қолдау қоры