Previous Page  309 / 318 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 309 / 318 Next Page
Page Background

309

ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

Хатым Құран оқу және сауабын

бағыштау

Мәйітке арнап Құран оқуға, “Хатым

Құран” (Құранды басынан аяғына дейiн оқып

шығу) түсіріп және оның сауабын марқұмға

бағыштауға болады. Сауабы иесіне тек Алла

Тағаланың әмірімен ғана тиеді.

Абд ар-Рахман әл-Жазиридің «Фиқһу-л-Жаз-

зири»

атты кітабында:

«Мәйітке арнап Құран

оқудың мәйітке пайдасы бар»,

– делінген.

Тәһлил

Зікір айту, Құран тіләуат ету, жақсы тілект-

термен дұға жасау, садақа беру сияқты қайырлы

істердің сауабын мәйітке бағыштауға болад-

ды. Зікір айтқысы келген кісіге зікірлердің ең

жақсысы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқандай:

«Лә илаһа иллаллаһ»

кәлимасы. Кейін сауаб-

бын мәйітке бағыштаса сауапты іс істеген бол-

лады. Зікір көп айтқан сайын сауабы да көп

болады. Бірқатар мұсылмандар жетпiс мың

рет

“Лә иләһә иллаллаһ”

кәлимасын айтып,

сауабын қайтыс болған адамға бағыштайды,

Ислам ғұламалары да мұны қош көрген. Бұл

тақуалардың амалы. Әлбетте қаралы жерде кер-

рексiз дүнияуи әңгiме айтқаннан гөрi, кәлимә

айту абзалырақ.