Previous Page  196 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 196 / 216 Next Page
Page Background

196

Қажылық

Оқылуы:

Раббана уа ажғална муслимейни ләкә уа мин

зурриййәтинә уммәтән ләкә уа арина мәнәсикәнә уәтуб

ғалейна иннәкә әнтә-т-тәууәбу-р-рахим.

Мағынасы:

О, Жаратқан Иеміз! Бізді мұсылман қыл,

ұрпағымызды мұсылман қауымға айналдыр, әдет-

ғұрыптарымызды дұрыс деп қара, бізге кешірімді бол,

өйткені Сен қайырымдысың, күнәмізді кешіре аласың.

«Бақара» («Сиыр») сүресінің 128-аяты

Оқылуы:

Раббана африғ ғалейна сабран уа сәббит ақдамана

уа ансурна ғала-л-қауми-л-кәфиринә.

Мағынасы:

О, Жаратқан Иеміз! Бізге сабырлылық бер,

қадамымызды нық бастыр, кәпірлерге ңарсы жорықта

жеңіс бер.

«Бақара» («Сиыр») сүресінің 250-аяты

Оқылуы:

Сәмиғнә уа атағна ғуфранака раббана уа илейкә-

л-масир.

Мағынасы:

Бізді тыңда және күнәмізді кешіргеніңе Саған бас

ұрамыз. О, Жаратқан Иеміз! Біздің тағдырымыз Сенің

қолыңда.

«Бақара» («Сиыр») сүресінің 285-аяты