Previous Page  211 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 211 / 216 Next Page
Page Background

211

Мағынасы:

О, Жаратқан Иеміз! Дінге сенбейтіндердің арбауы-

нан сақта, бізді кешір.

О, Жаратқан Иеміз! Сен құдіреттісің, данышпан-

сың.

«Мүмтәхәнә» («Сыналушы») сүресінің 5-аяты

Оқылуы:

Рабби лә тәзәр ғала-л-арди мин әл-кәфиринә

дәййәрән.

Мағынасы:

О, Жаратқан Ием! Жер бетінде бірде-бір кәпір

қалдырма.

«Нұх» («Нұх») сүресінің 26-аяты

Оқылуы:

Рабби иғфир ли уа ли-уәлидәййә уа лиман дахала

бәйтиә мүминән уа лил-мүмининә уа-л-мүминәти уа лә

тәзиди-з-залимина иллә тәбәрән.

Мағынасы:

О, Жаратқан Ием! Мені, әке-шешемді, үйіме кіре-

тін мұсылманды, мұсылман еркектер мен мұсылман

әйелдерді кешіре гөр. Залымдарды сәтсіздікке ұшырат.

«Нұх» («Нұх») сүресінің 28-аяты