Хикмет
баспа үйі
351
міндет деп білуі керек. Қоғамның өміріне, тәртібіне,
өркендеуіне қызмет еткен адам сол қоғамның ішінде
өте маңызды орынға ие деген сөз. Сондықтан оның
сауабы мен сыйлығы соншалықты үлкен. Хадис
шәрифте:
«Қауымға қызмет еткөн адам, (сауап пен
сыйлыққа ие болуы жағынан) олардың ең үлкені».
(Дәйләми, Мүснәд, II, 324)
делінеді.
Көптеген адамдар, ғибадат пен құлшылыққа бет
бүрса да, Аллаһ Тағаланың сипаты болған «сәттарул-
уйуб», яғни қателіктерді жасыру мен кемшіліктерді
кешіру қасиетіне немқұрайды қарайды. Сондықтан
Аллаһ қалаған рухани дәрежеге көтеріле алмай-
ды. Алайда, кешіру, қателіктерді жасыру, көркем
ахлақтың ең маңыздыларының бірі Аллаһ Тағала
құлдарының сансыз қателіктерін кешіргені сияқты,
біз де кешірімді болуымыз керек. Өйткені Аллаһ
Тағаланың сүйіспеншілігіне ие болғандар кешірімді
біледі. Кешірейік, иншаллаһ кешірілерміз.
Рахат пен бақыттың бірден-бір кілті жан тәнімен
берілу. Яғни иләһи бөлуге разы болып, халал мен
харамға абай бол керек.
Дәруиштер әртүрлі. Бір бөлігі әдетке айналдыр-
ған зікірлерін жасап, ақысына шүбәсіз сыйлық
беріледі. Екінші бір бөлігі болса, зікірлерін жа-
саумен қатар үнемі Аллаһ Тағаланың құзырында
болғандығын аңғарған күйде күн кешеді. Құран
Кәримнің үкімдеріне мойынсұнады, қаза және
тағдыр үкімдерінің алдында Хаққа бас иеді.
Оның әрбір әрекеті Хақ Тағаланың ризашылығы-
на сай болады. Оның жүрегі мен рух әлемі осыған