

32
Тәубе
«يَا أَيّهَا النّاسُ تُوبُوا إِلَى اللِّ وَاسْتَغْفِرُوهُ فَإِنِّي أَتُوبُ فِي
الْيَوْمِ مِائَةَ مَرّةٍ»
Уа, адамдар! Аллаһқа тәубе
*
етіп, жарылқау
тілеңдер. Расында, мен-дағы күніне жүз рет
тәубе етемін.
(Муслим)
*
Тәубе ету – адамның жасаған күнәсі немесе қателігі үшін
өкініш білдіре отырып, Ұлы Жаратушыдан кешірім сұрауы. Бұл
хадистегі Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Аллаһтан жарылқау тілеп
тәубе етуі, біздің тәубе қылғанымыздай емес. Өйткені Ол (с.ғ.с.)
күнә атаулыдан пәк. Оның (с.ғ.с.) күніне сан рет тәубе етіп
жарылқау тілеуінің басты себебі, өзінің құлшылығын азсынуы,
әрі соңынан ерген үмбетіне үлгі-өнеге болуында жатыр.