

65
«مَنْ نَفّسَ عَنْ مُؤْمِنٍ كُرْبَةً مِنْ كُرَبِ الدّنْيَا، نَفّسَ اللُّ عَنْهُ
كُرْبَةً مِنْ كُرَبِ يَوْمِ الْقِيَامَةِ، وَمَنْ يَسّرَ عَلٰى مُعْسِرٍ يَسّرَ اللُّ
عَلَيْهِ فِي الدّنْيَا وَالْخِرَةِ، وَاللُّ ف۪ي عَوْنِ الْعَبْدِ مَا كَانَ الْعَبْدُ ف۪ي
عَوْنِ أَخِيهِ»
Кімде-кім мүмін бауырының осы дүниедегі бір
уайым-қайғыдан құтылуына себепкер болса,
Аллаһ тағала оны қиямет қайымның қайғы-
мұңдарының бірінен құтқарады. Кімде-кім
қарызданып қысылған адамға түсіністікпен
қарап, ісін жеңілдетсе
*
, Аллаһ тағала оның
ісін екі дүниеде де жеңілдетеді. Сондай-ақ,
Аллаһтың құлы мұсылман бауырына жәрдем
етуін тоқтатпайынша, Аллаһ тағала да оған
жәрдем етуін жалғастыра береді.
(Муслим)
*
Яғни, қарызын кешіп немесе асықпай күтсе.