16
Пайғамбарымыздың таңғы дұғалары
өзіне сай әрі жарасымды кескін-келбет беріп,
бейнелеуші). Ең көркем есімдер бір Өзіне ғана
тән. Күллі аспан әлеміндегі мен жердегінің
бәрі Оған: «(Сен – мінсізсің. Бар мадақ пен
шексіз шүкіршілік һәм ең көркем есімдер мен
теңдессіз қасиеттер бір Өзіңе ғана тән – деп),
үнемі мадақ жаудырады! Ол – Азиз (ұлы һәм
үстем), Хаким (әр үкімі мен әр ісінде көптеген
хикметтер болған асқан дана).
8
Ерекшелігі:
Ардақты Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм)
бір хадис-шәріпінде: «Кімде-кім
таңертең үш рет: «(Рақымыңнан) қуылған
шайтаннан, сақтай гөр деп, бәрін Естуші
һәм бәрін Білуші Аллаһқа сиынамын», – де-
ген соң «Хашр» сүресінің соңғы үш аятын
оқыса, Аллаһ тағала әлгі құлы үшін кешке
дейін кешірім тілеп, дұға ететін жетпіс мың
періште тағайындайды. Егер ол адам сол күні
дүниеден озса, о дүниеге шейіт болып аттана-
ды. Ал кімде-кім кешке оқыса, оның жағдайы
да таңертең оқыған адамның жағдайындай
болады», − деген.
8
"Хашр" сүресі, 22-24 аяттар