Previous Page  11 / 116 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 11 / 116 Next Page
Page Background

11

Пайғамбарымыздың таңғы дұғалары

адамның басына келуі әбден мүмкін. Мәселен,

жүрегі ауыратын адамның қан тамырла-

рында пайда болған ақау әлгі адамның ми

қызметінің бір бөлігін істен шығарды делік.

Осының нәтижесінде дененің бір қапталы

сал болып қалады. Дұғада айтылған «фил-

ардый» (жердегі) сөзі осыны меңзесе керек.

Мұндай жағдай бола қалғанда себеп-салдар

заңдылығын басшылыққа алып, міндетті

түрде аурудың шығу себептерін медициналық

тұрғыдан анықтап, емделу қажет. Бұлай

жасамаған адам себеп-салдар заңдылығына

немқұрайлы қарап, үлкен қателікке ұрынады.

Сонымен қатар, адамға жабысатын

аурулардың кейбірі ешбір себепсіз, тікелей

жазмыштан келуі мүмкін. Дұғада айтылған

«фис-сәмәәй» (көктегі) сөзі осыны меңзесе

керек. Мұндайда адам себепсізден себепсіз, ке-

неттен сал болып қалып жатады.

Екі жағдайда да адамға бір Аллаһқа сиыну

керек. Өйткені, себепті де, салдарды да жа-

рататын – бір Аллаһ. Осы тұрғыдан аурудың

себебін медициналық тұрғыдан анықтап, ем-

делген күннің өзінде, шипаны тек Аллаһтан

тілеу ең дұрысы.

(Сахих Бұхари, да

ауат 3310; Сунәну Ибни Мәжа,

ду

а 3809)