8
Пайғамбарымыздың таңғы дұғалары
Мағынасы:
Рақымыңнан қуылған шайтаннан сақтай гөр
деп, Аллаһтан пана тілеймін!
Аса рақымды, ерекше мейірімді Аллаһтың
атымен!
Уа, Аллаһ тағалам! Сен − менің Раббымсың!
Сенен басқа тәңір жоқ. Мені Сен жараттың.
Мен − Сенің құлыңмын, қолымнан келгенше
Өзіңе берген уәдеме берік боламын. Істеген
істерімнің кесір-кесапатынан бір Өзің сақтай
гөр! Берген нығметтеріңнің бәріне шүкіршілік
етемін һәм жасаған күнәларымды толық мойын-
даймын. Мені кешіре гөр!Шынында, күнәларды
Өзіңнен басқа ешкім кешіре алмайды.
Ерекшелігі:
Ардақты пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
бұл дұғаны «Сәйидуль истиғфар» (яғни,
кешірім сөздің төресі), деп атаған. Өйткені,
бұл дұға − құлдарының тәубасын қабыл етуші,
ерекше мейірімді Аллаһтан кешірім сұрағанда
айтылатын ең ізгі сөздерді қамтыған. Соны-
мен қатар, сүйікті Пайғамбарымыз
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
: «Кімде-кім мына дұғаны шы-
найы сеніммен таңертең оқып, сол күні кеш-
ке жетпей дүниеден озса, жұмаққа бара-
ды. Сондай-ақ, кімде-кім шынайы сеніммен