3
Кіріспе
«Дұға» – араб тілінде шақыру, өтіну, тілеу
жәнежалбарынудегенмағыналардықамтиды.
Ал дінитұрғыдан алғанда дұға – адамныңАллаһ
тағаланың шексіз құдіреті мен ұлылығын мой-
ындап, өзінің әлсіздігі мен қауқарсыздығын
сезіне отырып, бар ықыласымен Жаратқанға
мінәжат етіп жалбарынуы дегенді білдіреді.
«Дұға» – аса мейірімді, ерекше рақымды
Аллаһ тағала мен құл арасындағы рухани
байланыстың айқын көрінісі. Өзінің шара-
сыздығын түйсінген пенденің жүрекжарды
тілектері.
«Дұға» – құлшылықтың мәйегі, адам
жанының рухани азығы, сондай-ақ, әлсіздің,
мұқтаждың және шарасыздың қорғаны. Дұға
– Хақ тағаланың түгесілмес қазыналарының
құпия кілті. Аллаһ тағалаға деген шынайы
иман мен берік тәуекелдің айқын нышаны.
Адамзаттың
асыл
тәжі,
ардақты
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Дұға – құлшылықтың негізі»,
1
– деп, дұғаға
1
Тирмизи, дағуат 1, н. 3371.