Previous Page  4 / 116 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 4 / 116 Next Page
Page Background

4

Пайғамбарымыздың таңғы және кешкі дұғалары

үлкен мән берген. Өйткені, дұға-мінәжатсыз

өткен өмірде құлшылықтың сазы естілмесе,

құлшылықсыз өткен өмірде руханияттың

табы білінбейді. Құран Кәрімнің:

«(Уа,

Мұхаммед, оларға) Егер дұға-мінәжаттарың

болмаса, Раббым сендерді қалай бағаласын! –

деп айт»,

2

– деген аяты да осынау ақиқатты

тайға таңба басқандай етіп көрсетеді. Иә, бұл

аяттан құлшылығыжоқ жанның Хақ алдында

қадірінің болмайтынын аңғару қиын емес. Енді

бір аятта Аллаһ тағала:

«(Уа Мұхаммед,)

егер құлдарым, сенен Мен туралы сұраса:

Шынында, Мен оларға өте жақынмын.

Маған жалбарынып, дұға еткеннің дұғасын

жауапсыз қалдырмаймын. Ендеше, олар да

тура жолда болу үшін Менің үндеуіме оңды

жауап берсін һәм маған иман келтірсін».

3

– деген. Мұнда да Аллаһ тағалаға шынайы

сеніммен мінәжат қылып, ықыласпен тілек

тілеген жанның дұғасының қабыл болатыны

айтылған. Бұл ойымызды қуаттай түсетін

келесі бір аятта Раббымыз:

«Маған дұға

етіңдер, сендерге жауап берейін»,

4

деп уәде

береді.

2

"Фурқан" сүресі, 25/77 аят

3

"Бақара" сүресі, 2/186 аят

4

"Ғафир" сүресі, 40/60 аят