Previous Page  5 / 116 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 5 / 116 Next Page
Page Background

5

Пайғамбарымыздың таңғы және кешкі дұғалары

Иә, Аллаһ тағала – құлдарының барлық

дұға-тілектеріне

жауап

беруші.

Осы

тұста кейбіреулер: «Қанша дұға етсек те,

сұрағанымыз берілмейді. Сонда бұл аят-

ты қалай түсінуге болады?», – деп жата-

ды. Алдымен мына нәрсені білгеніміз жөн:

Дұғаға жауап беру бір бөлек те, оны бірден

қабыл алу бір басқа. Жоғарыдағы аятта

Аллаһ тағала Өзіне бағытталған барлық

дұға-тілектерге жауап беретінін айтты. Ал

дұғада сұралған нәрсенің беріліп, берілмеуі,

яғни, тілектің қабыл болып, болмауы Аллаһ

тағаланың хикметі мен қалауына байланы-

сты қилы жолдармен жүзеге асады. Осыған

қатысты Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи

уә сәлләм) бір хадисінде:

«Аллаһ тағала өзіне

дұға еткен барлық адамның дұғасына жау-

ап береді. Оның дұғаларға жауап беруі – дұға

еткен адамға сұрағанын беруі арқылы, яки

дұғасының сауабын ақыретке қалдыруы не-

месе оқыған дұғасының көлемінде күнәсін

кешіру арқылы болады. Бірақ ол пенделікке

бой алдырып, күнә үстіне күнә жамама-

са немесе туысқандық қатынасты үзбесе

әрі дұғам қабыл болмады деп асығыстық