Previous Page  10 / 116 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 10 / 116 Next Page
Page Background

10

Пайғамбарымыздың таңғы дұғалары

«Кімде-кім бұл дұғаны күн сайын таңерең

және кешке үш мәрте оқитын болса, оған еш

нәрсе зиянын тигізе алмайды», − деген.

Бұл дұғаға қатысты Әбу Дәудтің хадис

жинағында келтірілген басқа бір риуаят-

та Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

:

«Ешбір жамандыққа ұшырамайды», − деген.

Сонымен қатар, дереккөздерде бұл хадис-

шәріп жөнінде мынандай оқиға баяндалған:

Бірде осы хадисті жеткізгендердің бірі

Әбан ибн Османның (р.а.) денесінің бүкіл бір

қапталы сал тартып қалады. Қал-жағдайын

сұрай келген жолдастарының бірі бұған

таңырқағанда, Әбан оған: «Маған сонша

таңырқай қарағаның не? Жеткізген хадисім

қоспасыз шындық. Өтірік айтпағаныма Құдай

куә. Ал мен тап болған мына жағдайға келсек,

бүгін ол дұғаны оқуды ұмытып кетіппін. Де-

мек, тағдырдың жазуы осылай болған», − де-

ген екен.

Осы оқиғадан туса керек, мұсылмандар

арасында аталмыш дұғаның сал ауыруынан

қорғайды деген наным кең тараған. Әйтсе де,

бұл дұғаның мағынасы анағұрлым ауқымды

болғандықтан, оны тек сал ауыруына қарсы

оқылады екен деп түсінбеген жөн.

Жалпы сал ауруы немесе өзге де сыр-

қат түрлері белгілі бір себептен кез-келген