ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
100
қалмау керек. Егер үзір болса яғни өте қиын
болса, үйде жамағатпен (көршіңізбен, бала-
шағаңызбен, әйеліңізбен) оқыңыз.
Пәтуә
Сұрақ
: Ораза не үшін парыз болған? Бай-
кедей демей жылына бір ай ашығу мақсат па,
әлде мұның тарихи мағынасы бар ма?
Есенбек
.
Жауап
: Аллаһ Тағала Құран Кәрімде
(«
Бақара» сүресінің 183-аятында
):
«Ей, иман
келтіргендер! Тақуалықтан үміттерің болса,
өздеріңнен бұрынғыларға ораза ұстау парыз
етілгені сияқты, сендерге де ораза ұстау пар-
рыз етілді»
деген. Ораза хижри жылының екінш-
ші жылында бізге парыз болған. Демек ораза
тақуалықүшін.Соныменқатароразаұстағанбай
кісі ашыққан соң кедейдің жағдайын түсінеді де
кедейлерге мейіріммен қарап көмектеседі. Тар-
рихы Адам атадан (ғ.с.) басталады. Адам ата
(ғ.с.) Аллаһ Тағаланың тыйым салған жемісін
жеп күнәһар болады. Сол күнәсінен тазару үшін
30 күн күндіз-түні ораза ұстаған. Демек оразаны
күнәлардан тазару үшін ұстаймыз. Аллаһ тағала
Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үмметіне рахым етіп ораза
кезінде түнде тамақ ішуге рұқсат еткен.