99
ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
Өйткені ол кеште Аллаһ Тағаланың рахымы
мол, сондықтан ауыз аштыру үлкен сауап.
Пәтуә
Сұрақ
: Ораза кезінде күн шыққанға дейі-
ін тамақ ішіп үлгеру керек пе, әлде намаз оқу
дұрыс па?
Қойшыбек.
Жауап
: Ораза ұстаудың уақыты таң
намазының уақыты кіргеннен күн батқанға
дейін. Сондықтан сәресі ішу таң намазының
уақытына 10 минут қалғанда тоқтатылады. Кейі-
ін барып таң намазы оқылады.
Пәтуә
Сұрақ
: Мен тарауих намазын үйде жалғыз
оқимын. Мешіт үйден алыс, қайтуым қиын.
Нұргелді
.
Жауап
: Жалғыз оқуға болады, бірақ
мүмкіндігінше мешітте оқыған абзал. Басында
қиын болғанымен үйренген соң жеңіл болады.
قال رسول الله صلى الله عليه و سلم:» اللهم بارك لنا فى رجب
. »و شعبان و بلغنا رمضان
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)
«Аллаһым, Ереж-
жеппен Шағбанды біз үшін берекетті ет және
Рамазанға жеткіз»
деп дұға еткен. Рамазан айы-
ына аман-есен жеткен соң оның сауабынан құр