Previous Page  181 / 318 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 181 / 318 Next Page
Page Background

181

ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

қалдыру; 2-Денеден, көп сақталса зияны бар,

шәһуәт суын шығару; 3-Ләззатқа бөлену;»

Имам Ахмад және Әбу Шайба Аккаф ибн

Ундағадан мына хадисті келтіреді:

«

Бір күні Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)-ның

жанына

барғанымда,

Пайғамбарымыз

(с.ғ.с.): менен «Әй, Аккаф әйелің бар ма?»,-

деп сұрады. Мен: «жоқ», - деп жауап берд-

дім. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Күңің де жоқ

па?»,- деп сұрады. Мен «жоқ»,-дедім. Расул

(с.ғ.с.) тағы да: «Денсаулығың жақсы ма?

Тұрмыс жағдайың қалай?»,- деп сұрады. Мен:

«Әлхамдулиллаһ жақсы»,- дедім. «Олай болса

сен шайтанның достарынан екенсің. Егер сен

христиандардың монахтарынан болсаң, онда

соларға қосыл. Ал, егер бізден болсаң, біздің

жолымызбен жүр, істегенімізді істе. Үйлену

- менің сүннетім. Сендердің ең жамандарың

- бойдақтарың, өлгендердің ең қор болғаны -

бойдақ халінде өлгендері».

Әбу Даудтың «Марасил» атты кітабында

келтірілген хадис - шарифте Пайғамбарымыз

(с.ғ.с.):

«

Кімде-кім кедейліктен қорқып үйленбесе

бізден емес

»,- деген.

Бұл хадисті Фәтәний «Тәзкира» кітабының

125-бетінде, Шәукарий деген ғұлама кісі өзінің