Previous Page  184 / 318 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 184 / 318 Next Page
Page Background

ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

184

баруға бола ма? Әйелі бар ер адаммен ше?

Адамды жаратқан құдай нәпсіні де жаратқан.

Ойнап-күлсем күнәға батам ба? Ер адам мен

әйел заты мәселесі жөнінде шариғат заңдарын

жарияласаңыздар екен.

Жауап:

Сұрағыңыз орынды, жағдай

түсінікті. Шариғат үкімі бойынша (ақ неке)

ерлі-зайыпты емес кім-кімнің болса да төсек

қатынасына бармауы тиіс. Өйткені ол Исламда

ауыр күнәға жатады. Бұл күндері мерзімді бас-

сылымдарда «Танысу бұрышы» деген айдармен

жарияланған материялдар бойынша басы бос

ерлер мен әйелдер табысып, некелесіп жатыр.

Осы мүмкіндікті пайдалану қажет. Еліміз бойы-

ынша сіз секілді Аллаһтың ақ жолын ұстанып,

өмірлік серігін таба алмай жүрген жандардың

кездесуі мүмкін. Басы бос адам табылмаған

жағдайда иманды, тұрмыс жағдайы көтеретін

отбасылы бір ер кісіге шариғат үкіміне сәйкес

екінші әйел болуыңызға болады. Қасиетті

Құранда «сабыр» туралы тоқсан жерде

айтылған. Өмірлік серігіңізді тапқанша күнәға

батудан қорқып, сабыр сақтасаңыз Аллаһтың

рақымына бөленесіз.