ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
188
Пәтуә
Ахмадия және исмаилия ағымдары
жөнінде
Барлық мақтаулар әлемдердің Раббысд
сы Аллаһ Тағалаға лайық. Аллаһ Тағаланың
рахымы, періштелердің истиғфары және
мүміндердің ізгі дұғалары пайғамбарымыз
Мұхаммедке (с.ғ.с.), Оның үй-ішіне, сахабалард
рына және қиямет күніне дейін Оның жолымд
мен жүргендерге болсын.
Қазіргі кезде адамдардың көпшілігі
өздерін мұсылманбыз деп санайтын, бірақ
мұсылманшылыққа ешқандай қатысы жоқ Ахм-
мадия және Исмаилия деген ағымдар туралы
еш нәрсе білмейді. Білмейтіні былай тұрсын,
оларды мұсылман санайды, бірақ шындығына
келетін болсақ олар үндіс және яһудилер сияқты
Исламға үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Ахм-
мадия және Исмаилия ағымдарының көпшілігі
Пәкістанның,
Индияның
жер-жерлерінде
тұрады, олардың бір бөлігі тіпті Қазақстанға
да миссионерлік мақсатпен келіп үлгерді. Олар
Алматы қаласы, Хлебная көшесі, 9- үйге орн-
наласып, ақырындап Қазақстанда өз діндерін
таратып халқымыздың арасына іріткі салып,
еліміздің қауіпсіздігіне, мұсылмандардың рух-
хани тұтастығына қауіп төндіруде. Сондықтан