Previous Page  192 / 318 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 192 / 318 Next Page
Page Background

ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

192

Қасиетті Құран Кәрімде бұдан басқа да

осы мағынадағы аяттар көп. Енді бұл дүниенің

жағдайы, біздің халіміз және ғибадатымыз

жоғарыда баяндалғандай болғаннан кейі-

ін, барлық толыққандыларға ең жақсы жолд-

ды ұстанып, ең жақсы жолмен жүру қажет

болады. Ислам ғұламалары: «Ұстанатын

жолдардың ең дұрысы бұл дүние және ахиреттің

ПайғамбарымызМұхаммедтің (с.ғ.с.) көрсеткен

сахих жолымен тәрбиелену, әдептену»,- деген.

Білгін, ей, бауырым, Алланың саған рахым-

мы болсын. Ақиқат тариқаттың нәтижесі, ал

тариқат шариғаттан алынады. Егер шариғатты

(яғни тақуалық амалдарын) таза білсең

шариғаттан тариқат шығады, тариқатты ары

қарай тереңдете қазсаң, ақиқаттың сырлары

ашылады. Ақиқат сырларына жету тек қана

шариғат иесінің баяндаған амалдарын өз орнын-

на қоюмен мүмкін болады.

Шариғатқа қарсы келетін барша тариқаттар

күпірлік болып табылады. Құран және

Пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннеті куәлік бермеген

істер шектен шығу, дінсіздік болып табылады.

Ей, бауырым, Шейх Нажмуддиннің сөзіне

құлақ салғын Алланың саған рахымы болс-

сын. Ол кісі былай дейді: «Шариғат – ол кеме,

тариқат – теңіз, ал ақиқат – дүр маржан. Марж-

жанды қалаған кісі кемеге мініп теңізбен жүзеді