195
ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
Пәтуа
Зікіршілер туралы
Бұл пәтуа қазақтың аса ірі ақыны, ойшыл
Шәкәрім Құдайбердіұлы мен атақты әулие
Қожа Ахмет Иассауи аттарын жамылған, «Зікір
намаздың орнын басады» деп адамдардымешітк-
ке келуден қайтарып жүрген топ турасында.
Бүкіл әлемнің раббысы Алла тағалаға
сансыз мақтау, Пайғамбарлардың ең ұлығы,
әуелгілермен соңғылардыңмырзасы, адамдарға
тендессіз дін-шариғатты үйреткен Мұхаммед
пайғамбарымызға және оның отбасы мен
сахабаларға салауат пен есендік болсын.
Қазіргі дәуірде көп топтар бой көрсете бас-
стады. Білімсіз пәтуә беріп өздерімен қоса өзге
адамдарды да адастыруда. Ал пәтуәны беретін
өз маманы бар.
Мысалы, Қожа Ахмет Иассауи сынды
әулиелер мен Шәкәрім Құдайберді ұлы сияқты
ұлық кісілердің жолындамыз деген топ шықты.
Ұлыларымыздың ұстанымы олардан бөлек.
Ал ол топ дүниелік мақсатқа қол жеткізу
үшін ғұламаларымыздың есімін жабу ретінде
қолданып жүр.
Алла Тағала мансапқорларға былай дейд-
ді:
«(Ей, Мұхаммед!) Оларға айтып қой:
«Дүниеніңпайдасыаз.Алладанқорқатындар