ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
“Зинаға жоламаңдар. Өйткенi, ол анық
арсыздық және жаман жол”.
Он
екiншi,
еркектердiң
бiр-бiрiмен
жыныстық қатынас жасау (гомосексуализм).
Құранда Аллаһ Тағала Пайғамбарымызға
(с.ғ.с.) Лұт қаумының қиссасын келтiредi. “Һуд”
сүресiнiң 82-аятында былай делiнген:
“Оларға апат әмiрiмiз келген сәтте, ол
жердiң үстiн астына келтiрдiк. Сондай-ақ
үстерiне ерекше әзiрленiп қыздырылған тас
жаудырдық”.
Он үшiншi, сиқыршылық. Аллаһ Тағала
“Бақара” сүресiнiң 102-аятында айтады:
“Бiрақ шайтандар адамдарға сиқыр
үйретiп, кәпiр болды”.
Он төртiншi, өтiрiк куәлiк беру. Аллаһ
Тағала “Хаж” сүресiнiң 30-аятында:
“Сондай-ақ
өтiрiк
сөздерден
сақтаныңдар”
,-деген.
Он бесiншi, жалған ант iшу. Аллаһ Тағала
“Әл-Имран” сүресiнiң 77-аятында:
“Негiзiнен сондай Аллаһқа берген сертт-
терiмен, анттарын аз ақшаға (дүниеге)
айырбастағандар, мiне олардың ақыретте
еш сыбағасы жоқ. Қиямет күнi Аллаһ оларға
тіл қатпайды да оларға қарамайды, әрi
оларды ағартпайды. Сондай-ақ олар үшiн
күйзелтушi азап бар”
,-деген.