Previous Page  14 / 318 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 14 / 318 Next Page
Page Background

ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

14

ПӘТУӘ

Ораза айт намазы туралы

Барлық мақтау Аллаһқа тән және Мұхаммед

Пайғамбарымызға (с.ғ.с.), оның үй-ішіне және

сахабаларына Аллаһ Тағаланың рақымы болс-

сын.

Айт намазының үкімі: Жұма намазы парыз

болған кісілерге айт намазын оқу – уәжіп!

Хасан (р.а.) Әбу Ханифа (р.а.)-ның мына

сөзін келтіреді:

«

Шынында, жұма намазы парыз

болғандарға айт намазын оқу уәжіп

».

Әнастан (р.а.) риуаят етілген мына хадис

екі ракаат намаз оқуға негіз болады. Әбу Дауд

Әнас ибн Маликтен (р.а.) риуаят етеді:

«

Расулуллаһ (с.ғ.с.) Мәдинаға келгенд-

де қаладағы тұрғындардың атап өтетін екі

мейрамы болатын. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.),

Бұл қандай екі күн?,- деп сұрады. Олар, Ия,

Расулуллаһ (с.ғ.с.), бұл біздің жаһилет кезінд-

де тойлайтын мейрамдарымыз еді,- деп жау-

уап берді. Бұны естігенде Пайғамбарымыз

(с.ғ.с.): Шынында да Аллаһ Тағала бұл екі

мейрамды бұдан да жақсы екі мейраммен

ауыстырды, ол Ораза айт пен Құрбан айт

»,-

деді. Жұма намазындағыдай айт намазының да

шарттары бар. Айт намазында құтпа оқу сүннет.