ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
20
Абу Дауд Анас ибн Маликтен риуаят етк-
кен мына хадис екі ракаат намазын оқуға нег-
гіз болады: «Расулуллаһ (с.ғ.с.) Мәдинаға келг-
генде қаладағы тұрғындардың ойнап-күлетін
екі мейрамы болатын. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
– Бұл қандай күн? - деп сұрады. Олар: – Ия,
Расулаллаһ бұл біздің жаһилиет заманындағы
ойнап-күлетін мейрамдарымыз еді,– деп жауа-
ап берді. Содан кейін пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
– Шынында Аллаһ Тағала бұл екі мейрамды
бұдан да жақсы екі мейрамға ауыстырды, бұл
Ораза айты және Құрбан айт»- деді. Жұма
намазындағыдай айт намазының да шарттары
бар. Айт намазында құтпа оқу шарт емес.
2. Айт намазының уақыты шариғат үкімі
бойынша күн найза бойы көтерілгенше (3
метр). Жундуб (р.а.) мына хадисті риуаят етед-
ді: «Біз Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) бірге ораза
айт намазын күн екі найза бойындай болғанда
оқыдық, ал құрбан айт намазын күн бір найза
бойы көтерілгенде оқыдық»- деді.
Құрбан айт намазына тездетіп баруды
ғалымдар мұстахаб санайды. Құрбан айт намаз-
зын ертерек оқу абзал.
3. Айт намазының сипаты. Айт намазы екі
ракаат. Ол құтпадан бұрын азансыз қаматсыз
оқылады. Себебі ол Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.)
қазірге дейін келе жатқан сүннет кітабынан.
Әл- Мабсут Сарахси.