Previous Page  18 / 318 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 18 / 318 Next Page
Page Background

ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

18

дында немесе соңында ешқандай намаз

оқылмады

»,- дейді.

Айт күндері тәкбір айту – уәжіп. Өйткені

Аллаһ Тағала Қасиетті Құранда айтқан:

«

Сендерді

тура

жолға

салған

Аллаһқа шүкіршілік етулерің үшін санын

толтырыңдар. Әрі Аллаһты ұлықтаңдар

».

(Бақара сүресі, 185-аят)

Тәкбірдің уақыты айт күні таңертеңнен

басталады немесе үйден шығып мешітке бара

жатқанда айту сүннәт болады және оның

уақыты айт намазы біткенге дейін жалғасады.

Тәкбір былай айтылады: «

Аллаһу Акбар»

(3

рет)

«Лә илаһа иллаллаһу»

(1 рет) «

уаллаһу

Акбар, Аллаһу Акбар уа лилләһил хамду

».

Айт күнінің әдептері бар, олар мыналар:

Көп зікір айту;

Жалпы сауапты істермен айналысу;

Ғұсыл құйыну;

Әтір себу;

Жақсы және таза киім кию;

Ораза айт күні таңертең намазға дейін тағам

ішу, сүннет, ал құрбан айт күні намазға дейін ас

ішпеген, мұстахаб.

Айт намазына дейінгі түнде Аллаһқа көп

ғибадат ету, дұға жасау, зікір айту өте сауапты

іс.

Намазға бара жатқанда бір көшемен барып,

қайтарда басқа жолмен қайту сүннет.