19
ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
Мешітке айт намазына әйелдер мен балал-
ларды да қатыстыру;
Бір-бірін зиярат ету, мейраммен құттықтау,
әсіресе туыстарын.
Айт күндерін ерекше атап өтуге тырысу кер-
рек. Басқа мейрамдардан артық екенін көрсетіп,
өзімізден кейінгілерге мұра болып қалу үшін
балаларға сый-сыяпат жасап әдемі киімдер киг-
гізіп, туған-туысқа бірге алып бару абзал.
Осы фәтуәның
2 бөлімінде айт намаздың
уақыты туралы айтып кеттік. Осыны есепке
алып біз Алматы уақыты бойынша сағат 9.00-
да Алматы мешіттерінде инша Аллаһ айт намаз-
зын оқимыз.
Осы фәтуәнің мүлтіксіз орындалуын
қадағалауды имамдарға жүктейміз.
Пәтуа
Құрбан айт намазы туралы
Барлық мақтау Аллаһ Тағалаға тән және
Мұхаммед Пайғамбарымызға оның отбасына
және сахабаларына Аллаһ Тағаланың салауаты
мен сәлемі болсын.
1. Айт намазының үкімі: Жұма намазы пар-
рыз болған кісілерге айт намазын оқу – уәжіп.
Хасан (р.а.) Әбу Ханифаның (р.а.) мына
сөзін келтіреді: «Шынында, жұма намаз парыз
болғандарға айт намазын оқу уәжіп».