Previous Page  287 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 287 / 520 Next Page
Page Background

287

Намаз

ДҰҒАЛАР

Ифтитах (бастау) тәкбірінен кейін құпия

оқылатын «сәна» (мадақ) дұғасы

{ سُبْحَانَكَ اللّهُمّ وَ بِحَمْدِكَ وَ تَبَارَكَ اسْمُكَ وَ تَعَالىَ جَدّكَ وَ لاَ

إِلَهَ غَيْرُكَ}

«Субханака Аллаһумма уә би-хамдика уә

тәбәракас-мука уа та’ала жәддука уә ләә-иләһә

ғайрук».

«Я, Аллаһым! Сені тәсбих етіп (күллі жаратылыс

пен нұқсан атаулыдан) пәктеймін. Саған «хамд» айтып,

мадақтаймын. Сенің қасиетті есімің аса мүбәрак. Және

де сенің ұлылығың аса жоғары. Сенен басқа ешбір құдай

жоқ».

Рүкүғтан тұрар кезде айтылатын дұға

{سَمِعَ الُ لِمَنْ حَمِدَهُ}

«Сәми’ Аллаһу лимән хамидаһ»

(Аллаһ өзін мадақтаған жанның мадағын естиді)

Рүкүғтан тұрғаннан кейін құпия

айтылатын дұға

{ألّلهُمّ رَبّنَا وَ لَكَ الْحَمْدُ}

«Аллаһумма Раббәнәә уә

ләкәл-хамд» (Ей, Раббымыз Аллаһ! Хамд пен мадақ

саған ғана лайық)

Рүкүғта оқылатын тәсбих

{سُبْحَانَ رَبِّيَ العَظِيم}

«Субхаана раббиял-’азим» «(Аса

үлкен Раббым күллі кемістік атаулыдан пәк).

Сәждеде оқылатын тәсбих

{سُبْحَانَ رَبِّيَ الاَعْلَى}

«Субхана раббиял-а’лаа» (Аса

ұлы Раббым күллі кемістік атаулыдан пәк).