37
әрі құдіретті Жаратқан Ием! Ақылымды толықтыр,
салихалардың қатарына қос.
Қағбаның Йемен бұрышы мен «Қара тас»
бұрышы арасында оқылатын дұға:
Оқылуы:
Рәббәнә әтинә фи-д-дүнйә хәсәнәтән уә фи-л-
ахирати хәсәнәтән уа қина азаба-н-нәәр, уә удхулнә әл-
жәннәтә маға-л-әбрәри йа ғазиз йа ғаффар йа рәббә-л-
ғааламиина.
Мағынасы:
Жаратқан Иеміз! Бізді бұ дүниеден жақсылықпен
өткіз, о дүниеде де жақсылығыңды бере гөр! Бізді
тозақ отының азабынан сақтай гөр! Екі дүниені Жа-
ратушы – құдіретті, кешірім жасаушы Алла! Бізді
тақуалыларымен бірге жәннәтқа кіргізе гөр!
Сөйтіп, әл-Кағбаны жеті рет айналған соң қажы
риданы екі иығына жауып, Кағбаның есігі мен Қара
тас арасындағы қабырға бөлігі – «әл-Мүлтәзәмға»
келеді. Ол екі қолын көтеріп, әл-Кағбаның перделеріне
тигізеді. Кеудесі мен бетін қабырғаға тақап, сүбхана
Алла тағалаға жан сырын, мұң-мұқтажын айтуға бола-
ды. Бұл жерде қажы қандай тілек-дұға айтса, Жаратқан
Иеміз қабыл алады.