Previous Page  40 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 40 / 216 Next Page
Page Background

40

Қажылық

Ибраһим мақамы

Құран кәрімде Ибраһим пайғамбардың (

ғ.с.

) өмірі

жайында көп айтылған. Жас кезінде Ибраһим әкесі Азар

мен тайпаластары мінажат ететін пұттарға табынудың

ешқандай мағынасы жоқ екенін түсінеді. Кейін ол

құдіретті күшті Күннен, Айдан, жұлдыздардан іздейді.

Ақырында ол құдіретті күш жалғыз Жаратушы Алла

тағалада екенін ұғып, өмірінің соңына дейін Жаратқан

Иеге құлшылық етіп өткен.

Мұхаммед пайғамбар (

с.а.с.

) «Хәлилулла»

(«Алланың сүйіктісі») деген теңеуі бар Ибраһим

пайғамбардың (

ғ.с.

) өмір жолын үлгі тұтқан.

әл-Кағба ірге тасын көтергенде Ибраһимпайғамбар

(

ғ.с.

) тұрған тасты Ибраһим мақамы деп атайды. Ол

әл-Кағбаның есігінің алдында орналасқан. Ибраһим

пайғамбар (

ғ.с.

) Исмаил баласымен әл-Кағбаны

салған кезде жалпақ тасқа шығып тұрған. Сол тастың