46
Қажылық
Зәмзәм құдығы
Сосын қажы Зәмзәм құдығына барып, не әл-
Мәсжид әл-Хәрәмнің барлық жерінде орналасқан
зәмзәмиядан (зәмзәм суы құйылған ыдыс) құбыла
жаққа қарап, сүбхана Алла тағалаға былай деп мақтау
айтып, зәмзәм суын ішеді.
Оқылуы:
Аллаһумма инни әсәлүкә ғылмән нәәфиған уә
ризқан уәәсиған уә шифәә мин күлли дәәін уә сақамин
би-рахмәтикә йа әрхәмә-р-раахимиинә.
Мағынасы:
Иә, Алла! Сенен пайдалы ғылым, мол рызық
сұраймын.
Рақымдылардың ең Ұлығы! Рақымшылығыңмен
кез-келген ауру-сырқаудан шипа бер.
Зәмзәм құдығын зәмзәм бұлағы деп те атайды.
Зәмзәм құдығының одан басқа да теңеулері бар: Алла
тағалаға иман келтіргендердің ең игі жандары Зәмзәм
суынан ішетіндіктен, оны «тайиба» дейді,
тақуалы
мұсылмандар Зәмзәм суынан нәр алатындықтан,
оны «барра» дейді, Зәмзәм
суы кәпірлерге сараң
болатындықтан, оны «маднуна» дейді.
Қадым заманда, яғни біздің эрамызға дейін 9
ғасыр бұрын Ибраһим пайғамбар (
ғ.с.
) қазіргі Палести-
на жерінде өмір сүріпті. Оның Сара деген әйелі
бола-
ды. Сара құрсақ көтермейді. Ибраһим
пайғамбар (
ғ.с.
)
әйелінің бедеулігін уайымдап, бір балаға
зар болады.
Сара күйеуіне Һажар деген күтуші күң қызға үйлен деп
ақыл айтқанекен.Ибраһимпайғамбар (
ғ.с.
) бәйбішесінің