51
Сағи
Сағи – арабтың «шапшаң жүру» деген сөзі. Сағи
– ас-Сафа мен әл-Мәруә төбешіктерінің арасында
жеті рет жүгіретін діни жора. Қажы сағиды сүбхана
Алла тағалаға жалбарынып, су іздеген Ибраһим
пайғамбардың әйелі Һажар мен баласы Исмайылдың
(ғалейһим әс-сәләм) құрметіне орындайды.
Бүгінгі таңда қажылар сағи әдет-ғұрпын төбесі
жабық, кең, әрі зәулім дәліздің ішінде орындайды.
Дәліздің оң жағымен ас-Сафадан әл-Мәруәға қарай
жүрсе, сол жағымен әл-Мәруәдан ас-Сафаға қарай
жүреді. Дәліздің дәл ортасында мүгедектерге арналған
арбамен жүруге лайықталған жол бар.
Мұхаммед пайғамбарымыз (
с.а.с.
) сағи әдет-
ғұрпын орындағанда екі төбешік арасындағы сайды
жүгіріп өткен екен. Қазіргі уақытта осы сайды екі жа-
сыл түсті дәліздің маңдайшалары көрсетеді.