49
әмір беріпті. Жәбірейіл періште Ибраһим пайғамбар
мен Исмайылға (
ғалейһима-с-сәләм
) Алла тағала
әмірімен қажылықты қалай жасау керектігін үйретіпті.
Адамдар Ибраһимді пайғамбар деп танып, әл-Кағбаға
қажылық жасапты. Арада талай жылдар өткесін Һажар
мен Исмайыл қайтыс болады. Сол төңіректің билігі
Жүрһүм тайпасының қолына тиеді, олар озбырлыққа
жол береді. Жүрһүм тайпасы қажылардың мал-мүлкін
тонап, берген салықтарын өз игіліктеріне жұмсайды.
Тайпаның көсемдері тоналған алтыннан екі киіктің
мүсінін жасайды. Алайда, бұл әділетсіздікті көрген
Мекке жұрты Жүрһүм тайпасына қарсы шығып, екі
арада бірнеше шайқастар болады. Ең ақырында Мек-
ке жұрты жеңіске жетіп, Жүрһүм тайпасы басқа жер-
ге қоныс аударады. Тайпа көсемдері Зәмзәм бұлағын
бітемекші болып, екі алтын киіктің мүсіндерін
түйелерге арта алмағандықтан, сол алтын киіктермен
Зәмзәм бұлағының көзін бітеп, жермен жексен қы-
лыпты. Сан ғасырлар өткеннен кейін адамдар Зәмзәм
бұлағын ұмытып кетеді.
Арада талай-талай қилы замандар өтеді. Бір күні
Мұхаммед пайғамбарымыздың (
с.а.с.
) атасы Абд әл-
Мұталіб бин Һашим ғажайып түс көреді. Түсінде ол
«Тайибаны қаз!» деген дауыс естиді. Ол «Тайиба деген
не?» деп сұрайды, бірақ оған ешкім жауап бермейді.
Таңертең ұйқысынан оянғасын ол қауымдастарына
түсін айтып береді. Бірақ ешкім де «тайибаның» не
екенін білмейді. Келесі түні Абд әл-Мұталіб тағы да
сол түсті көреді, түсінде ол «Барраны қаз!» деген дауыс
естиді. «Барра деген не?» деп сұрағанда дауыс ғайып
болады. Үшінші түні тағы да түсінде сол дауысты
естиді. Бұл жолы дауыс «Маднунаны қаз!» деп айта-