Previous Page  55 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 55 / 216 Next Page
Page Background

55

салихиинә уә хәсүнә уләйікә рафииқан, зәликә-л-фадлұ

минә-л-ла уә кәфә би-л-ла алиимән, лә иләһә иллә-л-ла

хаққан хаққан лә иләһә иллә-л-ла тағаббудән уәриқан, лә

иләһә иллә-л-ла уә лә нағбуду иллә іййәәһу мұхлысыына

ләһу әд-диинә уә ләу кәриһә-л-кәфируунә.

Мағынасы:

Алла – ең ұлы, Алла – ең ұлы, Алла – ең ұлы,

Алла ұлылардың ең ұлысы, Аллаға - шексіз мақтау,

Құдіретті Аллаға – мадақ! Оны таңертеңнен кешке

дейін мақтаумен боламын.

Түнде Ол үшін сәждеге жығыламын және түні

бойы Оған құлшылық етемін.

Алладан басқа құдай жоқ. Ол – жалғыз. Ол уәдесін

орындайды, құлшылық еткенге жәрдем береді. Әл-

Әхзәбті (Мәдина қаласы үшін шайқаста Мұхаммед

пайғамбарымызға (

с.а.с.

) қарсы шыққан тайпалар

одағын) жалғыз өзі жеңді.

Жаратқан Иеме дейін ештеңе болған жоқ. Өмір де,

өлім де Алладан. Ол – мәңгі тірі, ешқашан өлмейді,

ешқайда жоғалмайды.

Оның қолында – жақсылық, тағдыр да онда. Ол

барлығынан да құдіретті.

Жаратқан Ием! Кінәмді кешір, рақымшылық жаса,

ғафу ет, жомарт бол!

Айтпағаныңды айтқызба!

Шындығында, Сен біз білмейтінді білесің.

Иә, Алла! Сен – ең құдіреттісің әрі ең жомартсың.

Жаратқан Иеміз! Бізді тозақ отынан құтылу үшін

бір-бірімізбен тату-тәтті өмір сүретін, табыс табатын,

қуанышқа бөленетін, жақсылық күтетін адамдар ет.

Саған құлшылық еткен салихалылардың қатарына

қос.