56
Қажылық
Алланың нығметіне бөленген елшілердің, шын-
шыл жандардың, діни жорықтарда қаза болғандардың,
салихалылардың және оларға жақсы серік бола
білгендердің санатына қос.
Абыройдың барлығы Алладан. Бәрін білуші
Алланың өзі жар болсын!
Алладан басқа құдай жоқ екені шындық та, ақиқат
та.
Алладан басқа құдай жоқ деп құлшылық етеміз.
Алладан басқа құдай жоқ және тек қана оған
сыйынамыз. Алла берген дінімізді шынайы ұстаймыз,
кәпірлікті жек көреміз.
әл-Мәруаға жақындағанда оқылатын дұға:
Оқылуы:
Иннә ас-Сафа уә-л-Мәруә мин шағаайіри Алла
фәмән хәжжә-л-бейтә әу иғтәмәрә фәлә жүнәәхә
ғалейһи ән йатаууафа биһимә уә мән татаууаға хейрән
фә-иннә Алла шәәкирүн ғалиимун.
Мағынасы:
Шындығында, ас-Сафа мен әл-Мәруа – Алланың
берген діни жоралары.
Кімде-кім Үйге (Қағбаға) қажылық, не умра жасап,
осы екеуін (ас-Сафа мен әл-Мәруаны) айналып жүгірсе,
онда ол адам бәле-жаладан аман болады, бар жақсылық
- өз еркімен жасаған адамда.
Шындығында, Алла тағала – рақымшыл, бәрін де
білгіш.