62
Қажылық
Жаратқан Ием! Ақылыма ақыл қос, тура жолдан
тайдырма.
Шапағатыңды жаудыра бер.
Шындығында, Сен бәрін де сыйлаушысың.
Иә, Алла! Көру-есту қабілетімді беруші жалғыз
құдай өзіңсің.
Иә, Алла! Мені қабір азабынан сақтай гөр.
Сенен басқа құдай жоқ. Саған мақтау айтамын.
Залымдардың арасында болғаным да рас.
Иә, Алла! Мені дінсіздіктен және кедейшіліктен
сақтай гөр.
Иә, Алла! Маған рақымшылық жасай отырып
қаһарыңнан сақта, мейіріміңді төк, жазалама.
Саған шексіз алғысымды білдіремін.
Сен риза болғанша бар мақтауымды өзіңе айта-
мын.
әл-Мәруаға жақындағанда оқылатын дұға:
Оқылуы:
Иннә ас-Сафа уә-л-Мәруә мин шағаайіри Алла
фәмән хәжжә-л-бейтә әу иғтәмәрә фәлә жүнәәхә
ғалейһи ән йатаууафа биһимә уә мән татаууаға хейрән
фә-иннә Алла шәәкирүн ғалиимун.
Мағынасы:
Шындығында, ас-Сафа мен әл-Мәруа – Алланың
берген діни жоралары.
Кімде-кім Үйге (Қағбаға) қажылық, не умра жасап,
осы екеуін (ас-Сафа мен әл-Мәруаны) айналып жүгірсе,