65
Иә, Алла! Жүрегімді нұрға толтыр, естуімді,
көруімді нұрлы ет.
Иә, Алла! Кеудемді шындыққа толтыр, ісімді та-
бысты ет.
Мені шайтанның арбауынан, зұлымдықтан,
алауыздықтан, қабір азабынан сақтай гөр.
Иә, Алла! Күнде де, түнде де мазалайтын жаман-
дықтан, дауылмен келетін зұлымдықтан сақтай гөр.
Сен рақымшылдардың ең рақымдысысың.
Саған сыйынғанымызға мақтанамыз. «Иә, Алла!»
деп сыйынғанымыз – хақ.
Сені еске алғанымызға мақтанамыз. «Иә, Алла!»
деп еске алғанымыз да – хақ.
Жаратқан Ием! Кінәмді кешір, рақымшылық жаса,
ғафу ет, жомарт бол!
Айтпағаныңды айтқызба!
Шындығында, Сен біз білмейтінді білесің.
Иә, Алла! Сен – ең құдіреттісің әрі ең жомартсың.
ас-Сафаға жақындағанда оқылатын дұға:
Оқылуы:
Иннә ас-Сафа уә-л-Мәруә мин шағаайіри Алла
фәмән хәжжә-л-бейтә әу иғтәмәрә фәлә жүнәәхә
ғалейһи ән йатаууафа биһимә уә мән татаууаға хейрән
фә-иннә Алла шәәкирүн ғалиимун.
Мағынасы:
Шындығында, ас-Сафа мен әл-Мәруа – Алланың
берген діни жоралары.