Previous Page  71 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 71 / 216 Next Page
Page Background

71

Сөзіммен, ісіммен (жұмаққа) кіргіз.

Иә, Алла! Нұрыңды шашып, бізді тура жолмен

жүргіз, қайырымменен дәулет бер.

Таңның атысынан күннің батысына дейін бізді

қамқорлығыңа ал, шарапатыңа бөле, сый-құрметіңді

көрсет, рақымшылық ет.

Сен – Біріншісің, Саған дейін ешнәрсе болған

емес.

Сен – Ақырғысың, Сенен кейін ештеңе болмайды.

Сен – Құпиясың, Сенсіз ештеңе жасалмайды.

Бізді ауру-сырқаудан, бәле-жаладан, қабірдің аза-

бынан, дүниеқоңыздықтан сақтай гөр.

Сенен жәннәтқа кіргізуді сұраймыз.

Жаратқан Ием! Кінәмді кешір, рақымшылық жаса,

ғафу ет, жомарт бол!

Айтпағаныңды айтқызба!

Шындығында, Сен біз білмейтінді білесің.

Иә, Алла! Сен – ең құдіреттісің әрі ең жомартсың.

ас-Сафаға жақындағанда оқылатын дұға:

Оқылуы:

Иннә ас-Сафа уә-л-Мәруә мин шағаайіри Алла

фәмән хәжжә-л-бейтә әу иғтәмәрә фәлә жүнәәхә

ғалейһи ән йатаууафа биһимә уә мән татаууаға хейрән

фә-иннә Алла шәәкирүн ғалиимун.

Мағынасы:

Шындығында, ас-Сафа мен әл-Мәруа – Алланың

берген діни жоралары.