76
Қажылық
шілігіңмен бізге жәрдем бер. Біздің барлығымызға Ис-
ламды толық сезінетін иман бер. Сен бізге риза бол.
Иә, Алла! Мойныма артқан күналарымнан
мүлдем арылт. Тауқыметті тартқызба. Маған
рақымшылығыңмен қарап, жақсылығыңды бер.
Сен – қайырымдылардың ең ұлығысың!
Осылайша, әл-Мәсжид әл-Хәрәмдағы тауаф,
сағи діни жораларды Зү-л-хижжә айының 8-күніне
дейін орындаған қажы бұл әрекеттерін умра (кіші
қажылық) кезіндегі рәсімдерге санаса, ихрам хал-
күйінен шығуына болады. Ол үшін сағи аяқталғаннан
кейін умра жасаған мұсылман шашын қайшымен
қысқартады, не тақырға алып тастайды. Қажы әйел
шашының бұрымын саусақтың еліндей қысқартады.
Осыдан кейін тыйым салынғандар қайтадан рұқсат
етіліп, «халел» қалпына түседі. Алайда, Зү-л-хижжә
айының 8-күнінде қажыға келген мұсылман қайтадан
денесін толық жуып, ғұсыл жасап, ихрам хал-күйіне
қайтадан түсуі тиіс.
Ал егер қажы бұл әрекеттерін қажылық кезіндегі
рәсімдер деп санаса, онда ол шаш қию рәсімін орында-
майды, ихрам хал-күйінен шықпайды.
Сонымен Зү-л-хижжә айының 7-күні әл-Мәсжид
әл-Хәрәмда қажылық туралы хұтба (діни уағыз сөз)
оқылады.
Қажы Сауд Арабиясына осы күннен бір-екі күн
ерте келсе, онда ол Мекке мүкәррәмдағы Мұхаммед
пайғамбарымыздың (
с.а.с.
) есімімен тығыз байланысты
тарихи жерлерді аралап көрген абзал. Бұл тарихи жер-
лермен қажылық біткеннен кейін де танысуға болады.