Previous Page  79 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 79 / 216 Next Page
Page Background

79

әл-Мәсжид әл-Хәрәмнің «әс-Сәләм» қақпасынан

шыққанда көрінеді.

Имам Әлидің үйі.

Мұхаммед пайғамбар (

с.а.с.

)

жастай жетім қалып, әкесінің ағасы Әбу Талибтің

қолында тәрбиеленеді. Мұхаммед пайғамбардың (

с.а.с.

)

балалық шағы өткен бұл үйде Әбу Талибтің ұлы Әли

де дүниеге келеді. Кейін Мұхаммед пайғамбар (

с.а.с.

)

қызы Фатима мен Әлиді үйлендіріп, олардан Хасан

және Хусейн деген немерелері болады.

Қазір бұл үйдің орнына «ән-Нажах» медресесі

салынған, ол әл-Мәсжид әл-Харамның шығыс

жағындағы бір жарым шақырым жерде.

Хадижа ханымның үйі.

Хадижа ханым -

Мұхаммед пайғамбарымыздың (

с.а.с.

) бірінші әйелі.

Меккенің бай саудагер әйелі болған 40 жастағы

жесір Хадижа ханым 25 жастағы Мұхаммедке (

с.а.с.

)

тұрмысқа шығып, өмірінің соңына дейін ширек ғасыр

бойы осы үйде бірге тұрып, өмір сүрген. Хадижа ха-

ным Мұхаммедті Алланың Елшісі екенін таныған,

Ислам дінін қабылдаған алғашқы әйел болғандықтан,

мұсылмандар оны «Имандылардың Анасы» деп атаған.

Мұхаммед пайғамбарымыз (

с.а.с.

) Хадижа ханымнан

Қасым, Абдалла деген ұлдар (жастай қайтыс болған),

Зейнаб, Рұқия, Үммү Күлсім, Фатима деген қыздар

көріп, ұрпақ сүйген.

Хадижа ханымның үйі әл-Мәсжид әл-Хәрәмнің

сағи әдет-ғұрпын орындайтын бөлігіне қарама-қарсы

бағыттажатқанУәдиИбраһим аңғарының ортасындағы

әл-Қашашия жерінде орналасқан. Мешіттен бір жарым

шақырым қашықтықтағы бұл жерде қазір Құран жат-

тайтын медресе бар.