Previous Page  80 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 80 / 216 Next Page
Page Background

80

Қажылық

Хамза үйі.

Хамза – Мұхаммед пайғамбарымыздың

(

с.а.с.

) әкесінің ағасы. Ержүрек батыр адам болған.

Мұсылмандар алғаш рет жеңіске жеткен Бадр құдығы

жанындағы шайқаста ерекше ерлік көрсеткен. Ухуд

тауының жанындағы шайқаста қаза табады.

Хамзаныңүйі әл-Мәсжидәл-Хәрәмніңоңтүстігінде

мешіттен жарты шақырым жерде. Қазір бұл жерде

шағын мешіт пен балалар кітапханасы бар.

Дар әл-Арқам бин Әби әл-Арқам

ас-Сафа

төбешігінің жанында. Исламға дейін Мұхаммед

пайғамбар (

с.а.с.

) мен оның сахабалары (серіктері) осы

жерде жасырынып намаз оқыған. Бұл жерде Омар бин

әл-Хаттаб Ислам дінін қабылдаған. әл-Мәсжид әл-

Хәрәмда намаз оқып болған мұсылмандар мешіттің

осы жерінен шыққан.

«әл-Мұғалла» зираты

Алланың Үйі мен әл-

Мұғабада деген жердің арасында орналасқан

.

Зиратта

Мұхаммед

пайғамбарымыздың (

с.а.с.

) арғы атасы Абд

Манаф, атасы Абд әл-Мұталіб, анасы Әмина бинт Уах-

хаб, бірінші әйелі Хадижа ханым жерленген.

Бәлкім, қажылыққа ерте кезден барып жүрген

біздің ата-бабаларымыз «әл-Мұғалла» зиратын

көргеннен кейін, тілімізге «мола» деген сөз енгізген

болар. Сонымен қатар араб тілінде «мұғалла» деген сөз

«биік жер» деген мағына береді.

«ар-Рая» мешіті.

Мұхаммед пайғамбар (

с.а.с.

)

Меккені пұтқа табынатындардан азат етіп, өзі туып-

өскен шаһарға кіргенде Ислам дінінің жасыл жалау-

ын тіккен жерге кейін «ар-Рая» («Жалау») мешіті са-

лынады. Мешіт «әл-Мұғалла» зиратының жанында

орналасқан.