Previous Page  86 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 86 / 216 Next Page
Page Background

86

Қажылық

Арафат тауы

Арафат тауы Меккеден жиырма бес шақырымдай

жерде. Құран кәрімнің «әл-Бақара» сүресінің 34-37 аят-

тарында айтылғандай, Адам Ата мен Һауа Ана Ібіліс

шайтанның арбауына түсіп, Жұмақтан қуылып, Жер-

ге түсіріледі. Жаратқан Иесінің рақымшылығынан

айрылған олар бір-бірін кездестіре алмай, ұзақ уақыт

уайым-қайғыда жападан жалғыз жер бетінде кезіп

жүреді.

Осылай өмірдің тауқыметін тартып жүрген олар

жасаған күнәларын сезініп, Жаратқан Иеден кешірім

сұрап, құлшылық ете бастайды. Алла тағалаға күнә-

ларын кешіргеннен кейін олар осы Арафат тауының

ортасындағытөбеде кездеседі.Мұсылмандарбұл төбені

«ар-Рахма» тауы, яғни «Кешірім тауы» деп атайды. Бұл

төбенің басындағы мұнараға апаратын баспалдақ бар.

Баспалдақдың 60-шы сатысында орналасқан алаңда

Зү-л-хижжә айының 9-күні, яғни «Арафат күні» хұтба

айтылады.