87
Уқуф
Сонымен Зү-л-хижжә айының 9-күні таң атқанда
барлық қажылар қажылықтық негізгі бөлігі - уқуф
әдет-ғұрпын орындау үшін Арафат тауына бет алады.
Уқуф – «Арафат тауында тұру» деген мағына береді.
Қажылар Арафат тауына келгесін бесін мен намазды-
гер намаздарының басын қосып оқиды.
Уқуф әдет-ғұрпы түс кезінен кеш батқанға дейін
орындалады. Уқуф кезінде қажы бар жан тәнімен, шын
жүрегімен, зор ықыласпен, сана-сезіммен сүбхана
Алла тағаланың алдында тұрғанын сезінеді. Алла
тағала Арафат тауында тұрғандардың тілек-дұғаларын
қабыл алып, күнәларын кешіреді. Әйел қажы уқуф
әдет-ғұрпын отырып орындайды.
Арафат тауында қажы құбыла жаққа қарап тұрып,
мынадай дұғалар оқиды: