85
фи-л-арды сатуатуһу, сүбхәәнә әлләзи фи-л бәхри
сәбиилуһу, сүбхәәнә әлләзи фи-н-нәәри сұлтаануһу,
сүбхәәнә әлләзи фи-л-жәннәти рәхмәтуһу, сүбхәәнә
әлләзи рафаға әс-сәмәәіә уә уадаға әл-арда би-
құдратиһи
Сүбхәәнә әлләзи лә мәнжә уә мәлжәіә минһу иллә
илейһи.
Мағынасы:
Иә, Алла! Бұл – Мина. Әулиелер мен Саған
құлшылық еткен халықтарға жасаған қайырымыңды
маған да көрсет.
Аспанда тағы бар Саған – мақтау.
Жерде билігі бар Саған – мақтау.
Теңізде жолы бар Саған – мақтау.
Отқа әмірі бар Саған – мақтау.
Жәннәтта рахметі бар Саған – мақтау.
Бар мақтауымыз – құдіретіңменАспанды көтерген,
Жерді қойған Саған.
Бар мақтауымыз - баспана беруші, құтқарушы
Саған.
Минада қажы Зү-л-хижжә айының 8-күніндегі
бесін, намаздыгер, намазшам, құтпан намаздарын өз
уақытында оқиды.
Минада әл-Хейф мешіті бар. Кезінде бұл жерде
Мұхаммед пайғамбар (
с.а.с.
) мен сахабаларына қарсы
шыққан меккелік тайпалар («әл-Азхаб») бас қосқан.
Кейін Мұхаммед пайғамбар (
с.а.с.
) қажылық жасағанда
осы әл-Хейфте арнайы тоқтаған.
Минада түнеген қажы Зү-л-хижжә айының
9-күніндегі памдат намазын оқып болғасын, күн
шыққаннан кейін Арафатқа бет алады.