81
«Нәмира» мешіті
«әл-Биға» немесе
«әл-Ақаба» мешіті
«әл-Ижәбә» мешіті
Мұхаммед пайғамбардың
(
с.а.с.
) Минадан қайтып оралғанда түнеген жерінде
салынған. «әл-Мұғабада» ауданындағы «әл-Махсаба»
деген жердегі осы мешіт 2001 жылы күрделі жөндеуден
өткен.
«әл-Биға»
немесе
«әл-Ақаба» мешіті.
Меккенің
айналасында Ислам діні тарағаннан кейін Мұхаммед
пайғамбар (
с.а.с.
) мен ансарлары (жақтаушылары)
жиналған жерге 761 жылы Әбу Жағфар әл-Мансұр
тұрғызған. Төбесі ашық бұл мешіт әлі күнге дейін
сақталған. «әл-Ақаба» жамратынан 300 метр жерде
көпірдің оң жағында тұр.
«Нәмира» мешіті.
Арафат аңғарындағы мешіт.
Мешіттің батысында «Нәмира» деген тау бар. Арафат
күні Мұхаммед пайғамбар (
с.а.с.
) осы жерге шатырын
тігіп, тоқтаған. Сосын түстен кейін «Ғарна» аңғарының
ортасына көшкен. Хұтба айтып, намаз оқып болғасын
кешке жақын әл-Мүздәлифаға барған.
Һижра жыл санауының екінші ғасырында
Мұхаммед пайғамбардың (
с.а.с.
) «Ғарна» аңғарының
ортасында хұтба айтып, намаз оқыған жеріне осы
мешіт салынады. Кейін ғасырлар бойы осы мешіттің
ауқымы кеңейтіле береді.