Previous Page  68 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 68 / 216 Next Page
Page Background

68

Қажылық

Иә, Алла! Құлшылық еткендерді тексерген күні

азабыңа ұшыратпа.

Иә, Алла! Ақиқат жолыңменен тура жүргіз,

тақуалы қыл.

Бұ дүние мен О дүниеде мені кешіре гөр.

Иә, Алла! Бізге берекетіңді, рақымшылығыңды,

сүйіспеншілігіңді, рызығыңде бере бер.

Иә, Алла! Сенен ешқашан жоғалмайтын,

өзгермейтін мәңгілік бақыт сұраймын.

Иә, Алла! Жүрегімді нұрға толтыр, естуімді,

көруімді нұрлы ет.

Тілім нұрлы болсын, оңым да, үстім де нұрға тол-

сын.

Жанымды, тәнімді нұрлы ет,

Жаратқан Ием! Кеудемді шындыққа толтыр, ісімді

табысты ет.

әл-Мәруаға жақындағанда оқылатын дұға:

Оқылуы:

Иннә ас-Сафа уә-л-Мәруә мин шағаайіри Алла

фәмән хәжжә-л-бейтә әу иғтәмәрә фәлә жүнәәхә

ғалейһи ән йатаууафа биһимә уә мән татаууаға хейрән

фә-иннә Алла шәәкирүн ғалиимун.

Мағынасы:

Шындығында, ас-Сафа мен әл-Мәруа – Алланың

берген діни жоралары.

Кімде-кім Үйге (Қағбаға) қажылық, не умра жасап,

осы екеуін (ас-Сафа мен әл-Мәруаны) айналып жүгірсе,