50
Қажылық
ды. «Ол не?» деп сұрағанда дауыс жоқ болады. Абд әл-
Мұталіб төртінші рет түс көргенде дауыс «3әмзәмді
қаз!» деп айтады. «Зәмзәм деген не?» деп сұрағанда
дауыс
«Ешқашан оның суы таусылмайды,
ол қажы-
лардың шөлін қандырады. Ол ақ қауырсынды қарғаның
жанында, «құмырсқа илеуінің»
қасында» дейді.
«Құмырсқа илеуі» - бұл жерде Мекке шаһарын
меңзеп тұр. Шындығында
Меккеге қажылар керуен
толы жүктерімен түкпір-түкпірден келеді. Меккеде
ештеңе өспейді, ештеңе де екпейді. Сондықтан Мекке
қажылық кезінде құмырсқа илеуіне ұқсайды.
Сонымен соңғы түсте дауыс Абд әл-Мұталібке
көміліп қалған құдықтың
дәл жерін айтып береді.
Абд әл-Мұталіб
баласы әл-Хәрісті жанына ертіп, екі
кетпенді алып, әл-Кағбаға бет алады. Кенеттен Абд ал-
Мұталіб ақ қауырсынды қарғаны
көреді. Қарға екі пұт
арасындағы тасты шоқиды. Абд әл-Мұталіб пен баласы
қарға шоқыған жерді қаза бастайды. Құдықты аршып
жатқан кезде олардың айналасына
адамдар жиналады.
Олар екі пұттың арасын қазып жатқан әке мен балаға
наразылықтарын білдіреді.
– Құдай маған Зәмзәм
құдығын аршуды әмір етті.
Зәмзәм құдығы бізге және қасиетті Үйге қажыға кел-
гендерге нәр береді, - деді Абд әл-Мұталіб.
Сөйтіп, Мұхаммед пайғамбарымыздың (
с.а.с.
) ата-
сы Абд әл-Мұталіб Зәмзәм құдығын тазартып, сүбхана
Алла тағаланың әмірімен Зәмзәм суын Мекке жұрты
мен қажылардың ауыз
суына айналдырған екен.
Сонымен қажы Зәмзәм
суын
ішіп болғасын, әл-
Мәсжид әл-Хәрәмнің ішінде қажылықтың тағы бір
әдет-ғұрпы - сағиды орындайды.