Previous Page  48 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 48 / 216 Next Page
Page Background

48

Қажылық

төбешігінде су ағып жатқанын көреді. Ол әл-Мәруәдан

түсіп, ас-Сафа төбешігіне жүгіріп барса, ол да сағым

болып шығады. Сөйтіп, Һажар ас-Сафа мен әл-Мәруә

арасында жеті рет жүгіреді. Екі төбешік арасында

жүгіріп жүріп, ол сүбхана Алла тағалаға

дұға айтып,

жан-тәнімен сенетіндігін білдіреді. Әбден шөлдеген

Исмайыл жерді теуіп, анасына жылап, су сұрайды.

Сол мезетте бала аяғының астында жатқан тастан су

атқылай бастайды. Су шыға бастағанда Жәбірейіл

періште Һажарға келіп, «Зүмми! Зүмми!» дейді (Зүмми

- «құммен қорша» деген сөз). Һажар бұлақты құммен

қоршап, Алла тағалаға мың да бір алғысын білдіреді.

Міне, осы күннен бұл қайнар бұлақты Зәмзәм бұлағы

деп атап кеткен.

Үш күннен соң Ибраһим пайғамбар (

ғ.с.

) Һажар

мен Исмайылды сағынып, шөл далаға қайтып келеді.

Ол Зәмзәм бұлағын көріп, Алла тағалаға шүкіршілік

етіп, қатты қуанады.

– Хәлилулла! Ана жерде Жүрһүм деген қауым

қоныс тепкен екен. Йеменнен су іздеп келген малшылар

бізге жақын орналасуға Сізден рұқсат сұрайды. Оларға

рұқсатыңызды бересіз бе? – деп Һажар күйеуінен

сұрайды.

– Әрине! - дейді пайғамбар.

Сөйтіп, Жүрһүм тайпасы шатырларын Зәмзәм

бұлағына жақын тігіп, суды қажеттеріне пайдалануға

рұқсат алу үшін Һажар мен Исмайылға әрбір отбасы-

нан бір-екі қойдан беріпті. Осылай бұл аңғарда тіршілік

белгісі пайда болады.

Сүбхана Алла тағала Ибраһим пайғамбар мен

оның ұлы Исмайылға (

ғалейһима-с-сәләм

) адамдар

қажылық жасау үшін әл-Кағбаның ірге тасын қалауға