47
ұсынысын қабыл алып, Һажарды тоқалдыққа алған
екен. Арада біраз уақыт
өткесін Һажардың аяғы ауыр
болып, толғағы жеткенде ұл тауыпты. Оның атын
Исмайыл деп қойыпты.
Ибраһим пайғамбар (
ғ.с.
) жалғыз ұлы Исмайыл-
ды жанындай жақсы көріпті. Тоқалдан қызғанған
Сара күйеуінен
Һажар мен Исмайылды алыс мекенге
көшіруді талап етіпті. Басында қарсылық білдірген
Ибраһим пайғамбар (
ғ.с.
) ең соңында айтқанынан
қайтпайтын Сараның ырқына көнеді. Әрине, мұның
барлығы - Алла тағаланың әмірі, маңдайға жазылған
дүние екендігін білетін Ибраһим пайғамбар (
ғ.с.
)
Һажар мен Исмайылды алып, алыс сапарға шығады.
Олар үшеуі Әбу Қабис тауының бөктеріндегі шөлді
аймаққа келіп, осы жерде Ибраһим пайғамбар (
ғ.с.
) ба-
ласы мен әйелін қалдырып, Палестинаға қайтады. «Иә,
Жаратқан Иеміз! Мен ұрпағымды ештеңе өспейтін
аңғарға әкелдім, Сенің қасиетті Үйіңнің жанына ко-
ныстандырдым. Бұл жерде олар Саған құлшылық
қылады, оларға азық болатын жеміс сыйла» деп сүбхана
Алла тағалаға дұға айтады (
Құран кәрімдегі Ибраһим
сүресінің 37-аяты
).
Біраз күннен кейін Һажардың
жолға алып
шыққан азығы таусылып, торсықтағы суы да бітіп,
емшектегі сүті де тартылады. Кішкентай сәби
Исмайыл жылап, тамақ сұрайды. Аштық пен шөл
қысқан баласын көрген Һажар жүгіріп су іздейді. Ол
ас-Сафа төбешігіне шығып, айналасына қараса, қарсы
беттегі әл-Мәруә төбешігінде ағып жатқан суды көреді.
ас-Сафа төбешігінен әл-Мәруә төбешігіне жүгіріп бар-
са, жаңағы көрініс сағым болып шығады. Сосын ол әл-
Мәруә төбешігінен айналаға көз жүгірткенде, ас-Сафа