45
Мағынасы:
Иә, Алла! Сен - менің Жаратушымсың. Сенен басқа
құдай жоқ.
Сен мені жараттың, мен Сенің құлыңмын.
Мен Сенің билігіңдемін және Саған құлшылық
етемін деп уәде еттім.
Істеген ісімде жамандық болса, құтқара гөр.
Маған нығметіңді көрсет, кінәмді кешір.
Маған ғафу ет, өйткені кінәларды кешіретінжалғыз
- Сенсің.
Иә, Алла! Сенен салихалы құлдарың сұраған
жақсылықты сұраймын.
Салихалы құлдарың Сенен құтқаруды жалбарын-
ған зұлымдықтан мені де сақтай гөр.
Иә, Алла! Хүсни есімдеріңмен, жоғары сипат-
тарыңмен жүректерімізді тазарт, бізді Сенің бақы-
лауыңнан, сүйіспеншілігіңнен аластатуға әрекет-
тенетін пиғылдардан арылт.
Жомарттық пен кең пейілдіктің Иесі! Бізді бұ
дүниеден сүннет жолымен Саған жамағатпен бірге
жолығуға деген ынтамызбен жүргізіп өткіз.
Иә, Алла! Жүрегімді ғылыммен нұрландыр,
Денемді Саған деген құлшылыққа толтыр,
Сырымды сенімсіздіктен арылт,
Ақылыма ақыл қос.
Иә, Рақымшыл Алла! Шайтанның арбауынан
сақта, зұлымдығынан құтқар.
Мені билеп-төстеуіне жол берме.
Иә, Жаратқан Иеміз! Біз Саған иман келтірдік,
кінәларымызды кешір.
Тозақ отының азабынан құтқар.