Хикмет
баспа үйі
Осы қалыпқа жете алмағандар ақтық дем-
де қысылып, қиналады. Яғни ақтық демімізде
бақыт есігінен мәңгілік әлеміне өту үшін жасаған
құлшылығымыз Аллаһты көріп түрғандай Оған
ғибадат ету дәрежесінде болуға тиіс.
Адамбаласынегізінде,әрбіртүнменкүн,байыбына
барсын-бармасын, шексіз өлім себептерімен қарама-
қарсы екендігін ұмытпағаны жөн. Өлім адамға әр сәт
тұзақ құрады. Хазіреті Мәуләнә Мәснәуиінде былай
дейді:
«Негізінде, әр сәт, жаныңның бір белігі өлім ха-
лінде. Әр сәт - жан беру уақыты және әрбір сәт -
өміріңнің бітуі».
Расында, күн сайын осы фәни өмірден бір күн тағы
да алыстап бара жатқаның қабірге бір қадам тағы
да жақындап келе жатқаның емес пе? Әрбір өмір
күнтізбесінен тағы бір парақ түсіп жатқан жоқ па?
Өлім үнсіздігіне оранған әрбір көк тас хал тілімен
сейлейтін күшті насихатшы. Мазарстандардың қала
ішінде, жол жиегінде және мешіт аулаларында са-
лынуы да бір жағынан іс-жүзінде өлімді ойлап, емір-
ді соған сай реттеу үшін. Өлімнің үрейлі салмағын
сөздердің әлсіз иығы көтере алмайды! Өлім алдында
барлық күштер бітіп, бас иеді.
Өлім-адамныңжекеқияметі.Қияметімізденбұрын
оянсақ, екініште қалмаймыз. Өйткені, әрбір фәнидің
белгісіз бір уақытта, белгісіз бір жерде Әзірейілге
жолығары хақ. Өлімнен қашып тығылатын ешбір
жер жоқ. Олай болса адам уақыт оздырмай,
12